Кітапхана – өнер білім ордасы
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Ілім – білім бұлағы кітап атаулының шоғырланған мекемесі – Кітапхана адамзат баласын рухани тыныс тіршілігінің айнасы іспетті.
Жылдан жылға кітапханамыз жаңа оқулықтар және әдістемелік оқу-құралдарымен, көрнеліктермен, электрондық оқулықтармен, әдеби кітаптармен толықтырылып отырады. Кітапханада жыл сайын газет-журналдарға жазылу өз денгейінде отеді.
Қазіргі таңда кітап қоры – 16067 кітап; кітапханада 416 оқырманның түрлі ақпараттар алуына қолайлы мүмкіндіктер тудырылған. 1 компьютер, 11 ноутбук қойылган. Оқырмандар залы және абонемент бірге орналаскан. Кітапханада алфавитті католог ұйымдастырылған. Жүйелі тақырыпты картотекалар толықтырылып тұрады. Онын ішінде Қазақстан ұлттык энциклопедиясы, қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздіктері, экономика және қаржы, экология және табиғат қорғау, музыка, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту және ағылшын тілінен оқулықтары алынды. Кітап корынын сакталу жағдайы талапқа сай. Студенттерге пәндерден тестілерге, бақылау жұмыстарына дайындық кезінде баяндамалар мен рефераттар жазуға емтихандарға дайындалуға кітапхана тікелейде тиімді көмек көрсетеді.
Кітапхана жұмысының жыл бойғы негізгі ұстанған мақсаты - оқырмандар бойына рухани өнегелік қасиеттерді, ұлтаралық қатынастарды, ұстамдылықты, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті дарытып шығармашлық қабілеттерін арттыру.
Кітапхана жұмысының
2022-2023 жылына арналған жоспары
І. Негізгі міндеттері мен бағыттары
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын, қазақ тілі, білімді дамытудың мелекеттік бағдарламасын іске асыру.
Оқу – тәрбие үрдісін оқулықтар мен оқулық құралдарымен, ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету.
2022-2023 оқу жылында аталып өтетін және еске алатын күндер бойынша топтарда дайындалып өтілетін шараларға материалдар іздеп, бірге шаралар өткізу.
Оқырмандардың кітапқа, ақпаратқа деген жан- жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың оқу және өздігінен білім алу қажеттіліктерін дамыту.
Оқырмандардың қазақ халқына және Қазақстан халықтарының мәдениетіне, дәстүріне, салтына қызығушылығын арттыр, оларды силай, құрметтей білулеріне тәрбиелеу.
Өндірістік, қоғамдық және қызметтерге дайындауда оқушылардың өңгелік азаматтық қасиеттерін қалыптастыру.
ІІ. Оқырмандарға қызмет көрсету
  1. Кітап және басқа да ақпараттар қажеттілігін қамтамасыз ету.
  2. Әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы кітаптарды жоғары деңгейде насихаттау.
  3. Оқырмандарға ақпарат беруді кітапханалық – библиографиялық қызмет көрсетудің формуларын жан – жақты пайдалану.
  4. Оқырмандарға әдебиеттерді талдап, іріктеп алуға көмектесу мақсатында олардың қызығушылықтары мен сұранымдарын талдап, зерттеу.
  5. Кітап қорын толықтыруда оқу-тәрбие үрдісін толық қамтамасыз ету мақсатын көздеу.
  6. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін, кітапқа деген сүйіспеншілігін, оқу мәдениетін, кітапхана мүмкіндіктерін пайдалана білуін тәрбиелеу.
  7. Өз бетінше білім алуына, жүйелі оқуына, шығармашылық ойын дамытуына, танымдық қызығушылығын және қабілетін ашуға әсер ету.

ІІІ. Көпшілік жұмыстар


Шаралардың атауы
Түрі
Жауапты
Орындалу мерзімі
1
«Кітапхана – табыс мекені»
кітапханаға саяхат кітап көрмесі
Ж.Б.Аубакенова

Қыркүйек
02.09.22
2
Тіл апталығы
«Ана тілім-қазынам»
Көрме
Ж.Б.Аубакенова
Қыркүйек
08.09.22
3
«Өзім оқып шықтым, саған оқуға кенес берем»
Библио-кросс
Ж.Б.Аубакенова
202 ХК тобы.
Рыспекова Г.
Қыркүйек
23.09.22
4
«Ұлтына ұлағат қалдырған» Ғабит Мүсрепов туғанына 120 жыл.
Танымдық сағаты
Л.Т.Кулымбетова
102 ХК тобы.
Б.Бұлғын
Қазан
07.10.22.
5
«Кітапханашы – демек креативті»
24 қазан - Кітапханашылар күні
Кітапханада өзін-өзі басөару күні
Л.Т.Кулымбетова 303А тобы
Тулемисова А.А.
Қазан 12.10.22
6
«Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!»
25-қазан Республика күні
Сұрақ-жауап көрмесі
Л.Т.Кулымбетова
103 А тобы
А.Нұрланқызы
Қазан 20.10.22
7
Оқу көшбасшысы
Зияткерлік сайыс
Л.Т.Кулымбетова

Қазан 27.10.22
8
«Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз»
Әдеби аукцион
Л.Т.Кулымбетова
104 ДО тобы
О.М.Каркетерова
Қазан
28.10.22
9
«Топтың үздік оқырманы»
Байқау
Л.Т.Кулымбетова
304 ДО тобы
Калимолданова А.
Қараша 11.11.22
10
«Қазақ тарихындағы Қазыбек бидің орны»
Қаз даусты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл

Танымдық сағат
Л.Т.Кулымбетова
302 ХК тобы.
Ашкенова Л.

Қараша
17.11.22.
11
«Бабалар үні»
Ауызша журнал
Л.Т.Кулымбетова
201 ХО тобы
М.Т.Жакупова
Қараша
24.11.22
12
«Азат жырдың абызы»
Дулат Бабатайұлының туғанына -220 жыл
Ақпарат сағаты
Л.Т.Кулымбетова 101 ХО тобы
Толғамбаева Т.
Желтоқсан 06.12.22.
13
«Тәуелсіз ел тірегі –білімді ұрпақ»
16-желтоқсан Тәуелсіздік күні
Кітап көрме

Л.Т.Кулымбетова
403 А тобы
Назикенова С.Т.
Желтоқсан
12.12.22.
14
«Отан тарихы әдебиеттерде»
Оқырман конференциясы
Л.Т.Кулымбетова
204 ДО тобы
З.Т.Атчебарова
Желтоқсан
14.12.22
15
«Адамдар оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады»
Ә. Нұршайықов – 100 ж
Кітапханалық квилт
Л.Т.Кулымбетова
404 ДО тобы
В.С. Темирбаева
Желтоқсан
22.12.22
16
«2022 жылы өзім оқыған ең қызықты кітап»
Бук-слэм
(BOOK Slfm)
Л.Т.Кулымбетова

Қаңтар 24.01.23.
17
«Кітап достарын іздейді»
Буккросинг
Л.Т.Кулымбетова
401 ХО тобы
Досанаманова И.А.
Қаңтар
25.01.23.
18
«Менің қалам сенің атауыңда тұрған не бар?
Кітапхана «Шолғыны» - викторина
Л.Т.Кулымбетова
301 ХО тобы
Н.Дүкейхан
Қаңтар
27.01.23.
19
«Мұқағали Мақатаев - поэзия тұлпары»
Челлендж
Л.Т.Кулымбетова

Ақпан
03.02.23.
20
«Күй атасы-Құрманғазы»
Сағырбайұлы Құрманғазы 205 жыл
Әдеби-сазды кеш
Л.Т.Кулымбетова 302 ХК тобы
Ашкенова Л.
Ақпан
10.02.23.
21
«Оқуға құштар колледж»
Кітап челленджі
Л.Т.Кулымбетова

Ақпан
22.02.23
22
«Өнердің жарқын жұлдызы»
М. Төлебаев – 110 ж
Өлкетану сағаты
Л.Т.Кулымбетова
202 ХК тобы
Г.М. Рысбекова
Наурыз
02.03.23
23
Әйгілі әйелдер галереясы
8-наурыз
Өзіндік ой сағаты
Л.Т.Кулымбетова 303А тобы
Тулемисова А.А.
Наурыз
06..03.23.
24
«Тәлімгер не оқиды»

Акция
Л.Т.Кулымбетова С.А.Аязбаева
Наурыз
17.03.23.
25
«Қош келдің, Наурыз!

Тақырыптық көрме
Л.Т.Кулымбетова
Наурыз
20.03.23.
26
«Өлең - жырды серік еткен ер Махамбет»
Махамбет Өтемесұлы туғанына 220 ж.
Поэзия сағаты
Л.Т.Кулымбетова 401 ХК тобы
М.В.Асанова
Наурыз
29.03.23
27
«Кітап арқылы ғажайып еліне саяхат»
2-сәуір Халықаралық балалар кітап күні
Көрме диолог
Л.Т.Кулымбетова
103 А тобы
Нурланқызы Ақерке
Сәуір
01.04.23
27
Әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау
Әдеби сот
Л.Т.Кулымбетова
101 ХО тобы
Т.С.Толғамбаева
Сәуір
12.04.23
29
«Ақындар жырлаған туған өлке»
Әдеби қонақ үй
Л.Т.Кулымбетова
203 А тобы
З.Ж.Жумагельдинова

Сәуір
20.04.23
30
«Ұлт бірлігі-ұлы байлық»
Қазақстан халқының бірлігі күні.

Иллюстрациялық
понорамалық шолу
Л.Т.Кулымбетова


Сәуір
30.04.23.
31
«Ұранды ердің - ұрпағы қайсар»
7 Мамыр – отан қорғаушылар күні.

Патриоттық сабақ.
Л.Т.Кулымбетова
104 ДО тобы
О.М.Каркетерова
Мамыр
04.05.23.
32
«Оқуға құштар адам - табысты адам»
Кітапхана квилті
Л.Т.Кулымбетова
102 ХК тобы
Б.Байлау
Мамыр 11.05.23.
33
«Колледждің жыл оқырманы»
Конкурс
Л.Т.Кулымбетова

Мамыр
19.05.23
33
«Өзекті өртеген шындық»
31-мамыр Қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу

Библиографиялық шолу(көрме)
Л.Т.Кулымбетова
301 ХО тобы
Н.Дүкейхан
Мамыр
30.05.23
34
«Рәміздер- ұлттық мақтанышымыз»
4-маусым Рәміздер күні
Әңгіме сағаты.
Л.Т.Кулымбетова
204 ДО тобы
Атчебарова З.Т.
Маусым
03.06.23.

ІҮ. Кітап қорын толықтыру, өңдеу, өткізу және ұйымдастыру
  1. Колледж кітапханасының кітап қорын колледж дайындап шығаратын мамандықтар бойынша және оқырмандардың сұранымдарын ескере отырып, жинақтау;
  2. Кітап қорының сақталу жағдайын қадағалап, ескірген әдебиеттерден уақытылы тазартып отыру;
  3. Мерзімді басылымдарға жазылуды уақытында жүргізу.


Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің. Халықтың осындай жан азығынан, рухани байлықтан қол үзіп бара жатқандықтан, мемлекет тарапынан дабыл қағылып жатыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: “Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн”, – деп әр тұлға оқуға тиіс деп санайтын 1000 таңдаулы кітаптың тізімін ұсынған болатын. Қазір осы бағытта маңызды бағдарламалар жасалуда. Адамзат ақыл-ойының жиынтығы- кітапта болса, білім – соны сақтайтын қазыналы сандық. Сол сандықтағы байлықты қалай алуға болады? Кітап әлеміне баланы қалай енгізуге болады? Деген сұраққа Республикалық «Оқуға құштар колледж» жобасы келді. Студенттердің кітапханаға келу белсенділіктері – төмен. Осы орайда білім алушыларды кітап оқуға тарту үшін «Оқу көшбасшысы» ІІ курс студенттері арасында, Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай 201 ХО топ студенттері арасында «Топтың үздік оқырманы» тақырыбында байқау, «Топ Көшбасшысы» сайысы 304 ДО тобымен, «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» / Әдеби аукцион / 104 ДО тобымен , Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толуына орай «Қазақ тарихындағы Қазыбек бидің орны» / Танымдық сағаты/ 302 ХК тобымен, 201 ХО топ студенттері арасында «Бабалар үні» /ауызша журнал/, Дулат Бабатайұлының туғанына - 220 жыл толуына орай 101 ХО топ студенттерінің қатысуымен «Азат жырдың абызы»/ ақпарат сағаты/, 204 ДО тобымен «Отан тарихы әдебиеттерде» /оқырман конференциясы/, «Мұқағали Мақатаев - поэзия тұлпары» /челлендж/, Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 205 жыл толуына орай колледж кітапханасында 302 ХК топ студенттерімен «Күй атасы-Құрманғазы» /әдеби-сазда кеш/ іс-шаралар өтті. Сонымен қатар биылғы атаулы күндер күнтізбесіне кітап көресі әзірленген, Ұлттық валютаның – 30 жылдығына, Ш.Құдайбердиевтің - 165 жылдығына, М.Жұмабаевтің - 130 жылдығына көрме сөрелері әзірленді.
Мемлекеттік мерекелер мен елімізде атальп өтілетін басқа да мерекелер кітапхана назарынан тыс калмайды. Республика күніне «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты кітап көрмесі,16- желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіз ел болашағы-білімді ел» атты тақырыпта виртуалды кітап көрмесі, Студенттердің қысқы демалыс кезінде уақыттарын пайдалы өткізу мақсатында «Кел достар кітап оқиық» атты тақырыпта QR-кодталған кітаптардан көрме әзірленді.

Еліміздің болашағы жастардың қолында соларға бағыт - бағдар беру біздің парызымыз.Жас ұрпақтың бойына тәрбие негіздерін сіңіртудің ең тиімді жолы - жастар бойына кітаптың пайдасы мен қызметі туралы мәліметтермен жиі таныстырып отыру.
Өмірде бәр нәрсе өзгереді, тек кітапхана - халық қажетіне жарап, ғасырлыр бойы жасамақ. Осы құндылығымызды ешқашан жоғалтпай, келешек ұрпак, асыл қазынамыздан нәр алып сусындай беретіндей мүмкіндік жасауымыз керек.