Сарқан көпсалалы колледжінің 2024-2025 оқу жылына арналған ішкі тәртіп ережесі.


Студенттің міндеттері:
  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының толық көлемінде оқу, білімділік және тәжірибелік дағдысын игеруге, оқу бағдарламасын колледждегі оқу жоспары мен кестесіне сәйкес орындауға;
  • Ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, колледж Жарғысында көрсетілген басқа да талаптарды орындауға;
  • Колледждің оқу-құрал жабдықтары мен ақпараттық ресурстарына ұқыптылықпен қарауға;
  • Колледж оқытушылары мен қызметкерлері және оқушыларына сыйластықпен әдепті қарым-қатынас жасауға;
- Сабақтарға қатыспаған жағдайда (науқастануына немесе басқа да дәлелді себептермен), колледжге ресми түрде ақтап алатын құжаттарды көрсетуге.

Студенттердің негізгі міндеттері
- Мамандығы бойынша теориялық және тәжірибелік білім мен білікті терең меңгеруге;
- Оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлерін уақытылы орындауға;
- Сабақтан қалмауға және кешікпеуге;
- Колледжге талап етілетін киімде келу (үсті ақ, асты қара түсті форма (классикалық);
- Колледжде тыйым салынатын киім үлгісі: ешкімнің де өз діни нанымдары себептері бойынша ДІНИ ҮЛГІДЕГІ киімдерді киюге рұқсат жоқ.
- Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға, білім беру саласындағы белгілеген колледж формасына қойылатын талаптарды орындауға, білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті (классикалық үлгі).
- Джинсы, қысқа белдемше,(мини юбка,топик,)спорттық киім (тек спорттық мерекелерге, іс-шараларға ғана болады)
- Жалпы діни үлгідегі киімдер киюге және діни рәсімдер жасауға тыйым салынады.

- Колледждің және жатақхананың жарғысын және ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;
- Колледждің білім алушыларына мемлекеттік және әкімшілік ұйымдары, колледж әкімшілігі рұқсат етпеген іс-шараларға қатысуға (митингілер, шерулер және ереуілдер және т.б.) рұқсат етілмейді.
- Қ.Р БҒМ 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығы.Қ.Р Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 мамырда № 22857 болып тіркелді.
Колледж және жатақхана ғимаратына (олардың аумақтарына) әкелуге тыйым салынған заттар.
1. Атыс қаруы,оның ішінде травматикалық,газды,пневматикалық,сигналдық, электрлік және құрылымдық жағынан қаруға ұқсас бұйымдар мен олардың құрамдас бөліктері.
2. шанышқылы, кескіш, шапқыш, ұрғылау-ұсақтау, лақтыру заттары, өнеркәсіптік құралдар және өзге де нәрселер, оның ішінде:Барлық түрдегі пышақтар, қырынуға арналған станоктар немесе жүздер (білім беру ұйымдарының аумағындағы орналасқан жатақханаларда пайдалану жағдайларын қоспағанда), садақтар, арбалеттер, мүйізтұмсықтар, балталар, қылыштар, семсерлер, барлық түрдегі медициналық скальпельдер (оқу процесінде пайдалану жағдайларын қоспағанда), жебелер мен дарттар, арпундар мен найзалар, мұзтұтқыштар, металл жұлдыздар, түйреуіштер, шоқпарлар, таяқшалар, кастеттер, нунчактар;
3. медициналық шприцтер ("Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) № 026/у нысанындағы дәрігерлік - консультациялық комиссияның қорытындысы болмаған кезде).
4. Оқ-дәрілер, жарылғыш және тез тұтанатын заттар, химиялық және улы заттар, оның ішінде;
жарылғыш заттардың немесе құрылғылардың көшірмелері немесе имитаторлары, аэрозольдық бояулар, скипидар;
фейерверктер, кез келген нысандағы жарық беретін зымырандар және пиротехникалық құралдар;
Сіріңкелер, оттықтар (білім беру ұйымының аумағында орналасқан жатақханаларда пайдалану жағдайларын қоспағанда);
құрамында улы және мия тамыры бар газ баллондары (көзден жас ағызатын, бұрыш);
психикаға белсенді әсер ететін заттар;
темекі бұйымдары, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, қорқорға арналған темекі, қорқор қоспасы, темекі қыздыруға арналған жүйелер, тұтынудың электрондық жүйелері және оларға арналған сұйықтықтар колледж және жатақхана ғимаратына (олардың аумақтарына) әкелуге қатаң тыйым салынады.
  • Колледж студенттері оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиетті колледж кітапханасынан алады.
  • Ауырғаны бойынша немесе басқа да себепті жағдай бойынша, сабаққа келмеген студент үш күн ішінде директордың оқу ісі орынбасарын және бөлім меңгерушісін немесе топ жетекшісін хабардар етуі қажет. Егер оқушы науқастанғанына байланысты сабақтарды жіберсе, белгіленген үлгідегі дәрігердің немесе емдеу бөлімінің анықтамасын көрсетуі керек.
  • Білім алушының себепсіз оқу сабақтарынан қалғаны үшін:
1. 18 сағат болса – ескерту жарияланады;
2. 24 сағат болса – сөгіс жарияланады;
3. 36 сағат болса – колледжден шығарылады.

Колледж студенттері ішкі тәртіп ережелерін орындауы керек. (орындамағаны үшін – тәртіптік жазалау қолданылады).
Студенттің құқықтары:
- Колледж ережесінде қарастырылған тәртіппен кітапхана базасы мен оқу залындағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдебиеттер қорына, ИНТЕРНЕТ жүйесіне еркін кіруге және пайдалануға;
- Өз пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
- Өзінің адамдық қадір-қасиеттерін құрметтеуге;
- Өзге оқу орнына ауысуға;
- Өзінің ғылыми, спорттық, шығармашылық қабілетін жүзеге асыруға.