Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1971 жылғы №128 қауылысымен 27.03.1971 жылы құрылған.

1992 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет Министрлігінің 1992 жылғы – жиырмасыншы наурыздағы №47701 қаулы-сымен Сарқан мәдени-ағарту училищесі – мәдениет училищесі деп аталынды.

Мәдениет училищесі Қазақстан Республикасы білім Министрлігінің 1995 жылғы 11 желтоқсанындағы №321 бұйрығы бойынша мәдениет колледжі болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 жылғы 24-желтоқсанындағы №1601 қауылысымен Сарқан колледжі І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университетінің Сарқан колледжі болып аталынды.

Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 жылғы 8-і мамырдағы №814 қаулысымен І.Жансүгіров атындағы Сарқан колледжі – Сарқан гуманитарлық колледжі болып өзгертілді.

Сарқан гуманитарлық колледжі 1999 жылдың 18 наурызынан мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып есептеледі.

Құрылтайшы Алматы облысының білім Департаменті болып табылады. Колледждің білім беру қызметімен айналы суына 2010 жылдың 02-тамызында ҚР білім және ғылым министрлігінің №0142414 - нөмірлі лицензиясы берілді.