
Оқу бөлмелері білім беру бағдарламалары талаптарына сәйкес әзірленген. Барлық кабинеттерде жұмыс жасауға рұқсат етілген паспорттары семинарларға және зертханаларға қажетті керек-жарақтар мен алғашқы көмек жинақтары бар, өрт сөндіргіштері мен жабдықталған. Қауіпсіздік журналдары бар. Колледжде оқитын студенттерді кәсіби даярлау және дайындау үдерісінің сапасын арттыру мақсатында сыныптарда интерактивті тақтамен бірге 20 проектор орнатылды.
Колледж оқытушылары мен студенттеріне оқу ғимаратында ыңғайлы болу үшін, ЖК-пен жалдау шартына сәйкес, 20 орынға арналған асхана бар, жатақханада 12 орынға арналған буфет бар.
Колледжде білім алушылар мен қызметкерлер үшін қауіпсіз жағдайлар жасалған, атап айтқанда: бақылау-өткізу режимі жұмыс істейді, ол колледж оқушылары мен қызметкерлерін өткізу тәртібін айқындайды, бөгде адамдардың кіруіне, қызметтік құжаттар мен материалдық құндылықтарды шығаруға, қоғамдық тәртіпті реттеуге өзге де бұзушылықтарға жол бермейді. Колледждің оқу ғимаратында 36 бейнебақылау,сыртқы бейнебақылау 15 дана, ішкі бейнебақылау 21 дана. Жатақханада ғимаратында 16 дана оның ішінде 8 дана бейнебақылау ішінде, сыртында 8 дана камерасы орнатылды. 2 турникет, күзет пунктінде Сарқан қаласы полиция басқармасының кезекші бөлімімен байланысты дабыл түймесі қосылған.
Колледж жатақханасы Сарқан қаласы, Байтурсынов көшесі 9Д мекен-жайында орналасқан, жалпы сыйымдылығы 100 адамды құрайды. Жатақхана 4 қабатты ғимарат, әр қабатта тұрмыстық бөлмелер, душ кабиналары, ас үйлер жұмыс істейді, компьютерлік сынып бар. Wi – Fi қосылған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы: кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен және баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықталған, есіктер мен баспалдақтарды контрасты бояумен боялған және белгілері орнатылған. 2 дана писуар және 1 дана мүгедектерге арналған дәретхана бар.
Оқу ғимаратында ішкі дәретхана ер адамдармен және әйел адамдарға қамтамасыз етілген 6 дана унитаз.



